Қытай Қазақстан арқылы Еуропаға жол ашқысы келеді - сарапшылар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасы мен Қазақстандағы Қытай елшілігі ұйымдастырған «Бір белдеу, бір жол» халықаралық дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
Дөңгелек үстелде мамыр айында Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумының нәтижелері, ірі жобаларды жүзеге асыру аясындағы ықпалдастық жолдары талқыланды.

Жиынға атақты дипломаттар мен сарапшылар, оның ішінде Қытай Сыртқы істер министрлігі Көпшілік дипломатия жөніндегі консультациялық кеңес мүшелері, Елбасы кітапханасы Талдау орталығының қызметкерлері, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы мен мемлекеттік органдардың өкілдері келді.
null 

«Бір белдеу, бір жол» бастамасының жетістіктері бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, баға беру үшін Қытайдың танымал сарапшылары арнайы келіп отыр. Бүгінгі сарапшылық құрамымыз бастаманы жете талқылауға мүмкіндік береді деген ойдамын. Шараны ұйымдастыруға қол ұшын созған Қазақстандағы ҚХР елшілігіне алғыс білдіремін», - деді директорының орынбасары Тимур Шаймерденов.

«Бұл бастама - халықаралық аренада танымал бола түсті. Халықаралық қауымдастық тарапынан, халықаралық сарапшылардан берілген бағалар аз емес. Әсіресе, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамаға бірден қолдау көрсеткен еді», -  деді консультациялық кеңес мүшесі, Ұлыбританиядағы Қытайдың бұрынғы елшісі Ма Чжэньган.
null 

Елбасы кітапханасы талдау орталығының аға ғылыми қызметкері Қазбек Майгелдинов екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуы жөнінде пікір білдіріп, Қытайдың негізгі Еуропаға жол ашу екенін баса айтты.

«Жақында ғана Елбасы талдау орталығының қызметкерлері Сиан қаласына барып қайттық. Сиан қаласы Жібек жолының тарихи басталған жері екені баршаға аян. Бір белдеу, бір жол туралы түрлі пікірталастар өткіздік. Сондағы біздің түсінгеніміз, Қытайдың негізгі мақсаты - Қазақстанды жаулап алу емес, Еуропаға жол ашу. Яғни, Қазақстанның транзиттік әлеуеті Қытай үшін маңызды болып отыр. Біріншіден, Қазақстан арқылы Еуропаға жол қысқарады, екіншіден Қытайды Қазақстандағы жағдайдың тұрақтылығы қызықтырады. Осы тұрғыда Қытайдың негізгі көздегені транзиттік әлеует болса, біздің көздегеніміз  транзитті өткізу арқылы өз жеріміздегі инфрақұрылымдарды дамыту», - деп түсіндірді Қазбек Майгелдинов.
null 

«Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы аясында Қытай 39 елмен және халықаралық ұйымдармен 46 ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Бұл келісімдер мемлекеттер арасындағы өзара байланыс және қатынас, өндірістік қуат, инвестициялар, экономика және сауда, қаржы, ғылым мен техника, қоғам, мәдениет, теңіз және мұхит салаларындағы ынтымақтастықты қамтиды.
null 

Соңғы жаңалықтар