Қытай айлағынан 100-інші әуе кемесі ұшырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Цзюцюань ғарыш айлағынан (Солтүстік-Батыс Қытай) жүзінші әуе кемесі ұшырылды, деп хабарлайды Синьхуа.

«Чанчжэн-11» зымыран-тасығыштың көмегімен белгіленген орбитаға «Цзилинь-1» спутниктік жобасы аясында 07 және 08 видеотүсірілім үшін екі спутник сәтті ұшырылды.

Цзюцюань ғарыш ұшырылым орталығының іргесі 1958 жылы қазанда қаланған. Ол ҚХР-да алғаш салынған кешенді ғарыш айлағы және басқарылатын әуе кемелеріне арналған жалғыз алаң.

Орталықтың директоры Чжан Чжифэньнің айтуынша, 1970 жылдан бастап ғарыш айлағынан «Шэньчжоу» үлгісіндегі 11 ғарыш кемесі, 1 мақсаттық  КЛА, 1 ғарыш зертханасы және 131 спутник ұшырылған. Цзюцюань ғарыш айлағының старттық алаңынан Қытайдың ғарышкерлік тарихындағы 20-дан астам маңызды ұшырылым жасалған. Оның ішінде Жердің алғашқы жасанды серігі, қашықтан басқарылатын алғашқы зымыран-тасығыш және т.б. бар.

Белгілі болғандай, биыл аталмыш орталық 20-дан астам ғарыштық серіктерді ұшырмақшы. 

Соңғы жаңалықтар