Қытай, АҚШ және Чили ғалымдары алты жаңа галактика ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық, америкалық және чилилік ғалымдар тобы алты жаңа галактиканы тапты. 

Синьхуа  агенттігінің хабарлауынша, олар Үлкен жарылыстан соң,  550-800 миллион жылдан кейін қалыптаса бастаған.

 Зерттеушілердің сөздеріне қарағанда, бұл  алғашқы галактика мен жұлдыздар қалыптаса бастаған дәуірді зерттеудегі ірі жаңалық болып отыр.

«Қорытындысында бізге аспан шырақтарының қалыптасу процесін зерттеуге негіз қалаудың сәті түсті»,- деген  астрономдардың сөзін келтіреді Синьхуа.

Соңғы жаңалықтар