Қырғызстандағы жер сілкінісі Алматыда сезілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылдың 27 сәуірі күні Алматы уақытымен 11 сағат 01 минут 24 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 148 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 12.7. MPV магнитудасы - 5.7. МSК-64 бағаны бойынша дүмпудің сезілуі Алматы қаласында 2 балды құрады», - делінген кезекші оператордың хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар