Қырғызстанда 30 сәуір қаралы күн болып жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев «2017 жылдың 30 сәуірін Қырғыз Республикасындағы аза тұту күні ретінде жариялау туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды knews.kg .

«2017 жылдың 29 сәуірінде Ош облысы, Өзген ауданы, Зергер ауылдық округының Аю ауылында лай көшкіні жүрді. Қайғылы оқиға азаматтарымыздың өмірін қиды. Бұл барша Қырғызстан халқы үшін орны толмас қаза. Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары зардап шеккендерді және қаза тапқандардың денесін іздеу бойынша құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, олардың жақындары мен туыстарына қолдау көрсету шаралары қабылдануда», - делінген президент жарлығында.
Еске сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. 
Қырғызстан ТЖМ-ның деректері бойынша, лай көшкіні астына 24 адам қалған. 

Соңғы жаңалықтар