Қырғызстан Өзбекстанға Ыстықкөлдегі 4 пансионатты уақытша пайдалануға берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Өзбекстанға Ыстықкөл облысындағы 4 пансионат орналасқан жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдады.

 Мұндай қаулыға Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Исаков қол қойды, деп хабарлайды kabar.kg .

Қырғызстан үкіметі аппаратының БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі мәлім еткендей, мұндай шешім Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы 1994 жылдың 24 желтоқсанында қол қойылған Мәңгілік достық туралы келісімге сәйкес қабылданған.

Атап өткен жөн, шешімге сәйкес Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан мынадай ғимараттар мен құрылыстарға Өзбекстан Республикасының меншік құқығын рәсімдеу тәртібі белгіленіп жатыр:

- «Бостери» пансионаты (Бостери ауылы, бұрынғы «Алтын құм»);

- «Алтын-Жай» пансионаты (Кара-Ой ауылы, бұрынғы «Рохат-НБУ»);

- «Энесай» пансионаты, (Кара-Ой ауылы, бұрынғы «Дилором»);

- «Бустон» пансионаты, (Кун-Чыгыш айылдық  аймағы Тонск ауданы).

Сондай-ақ, аталмыш нысандарға бекітілген жер учаскелері Қырғызстанның меншігінде қалады және уақытша пайдалануға беріледі. 

Соңғы жаңалықтар