«ҚымызFest» фестиваліне 700 литрден астам қымыз әкелінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда тұңғыш «ҚымызFest» фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.





Қымыз мерекесі тұлпарлар шеруімен басталды. Оған тек өңір аудандарынан келген атбегілер атсалысты. Шеруде жылқының жалынан бастап тұяғына дейін әдемі әбзелдермен безендірілуіне мән берілді.

Арнайы алаңдарға шатырлар тігіліп, оларға қымыздың алуан түрі қойылды. Мәселен, Жамбыл ауданынан қымыздың бес түрі: бал қымыз, дөнен қымыз, жуас қымыз, құнан қымыз және түнеме қымыз әкелінді. Бал қымыз - әбден піскен және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз.  Дөнен қымыз - үш күн ашытылады. Жуас қымыз - үстіне саумал құйып жұмсартылған қымыз. Құнан қымыз - екі түнегеннен кейін ғана қотарылады, түнеме қымызға қарағанда өте күшті.  Ал түнеме қымыз - ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні - бір, одан келесі күні қайта қотарылады.  



Қымыз   - биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жағымды сусын. Қымыз - қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастархан дәмінің бірі. Сары қымыз - дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп,  тобылғы түтінінің ысы әбден сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады.

Жалпы қымыз мерекесіне 768 литр қымыз әкелінді. Тек Мәмлүк  ауданынан «Аркалық» ЖШС 200 литр қымызды тұрғындарға ұсынды.

Кәсіпорын басшысы Нағашыбай Барлыбаевтың айтуынша, ауданда қымыз өндірісі жыл сайын артып келе жатыр. Ол қымыз дайындау кәсібі ғана емес, хоббиі екендігін жеткізді. 







Соңғы жаңалықтар