КВН: Қазақстандық команда Жоғары лигада тұңғыш рет чемпион атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- КВН-2017 ойындары Жоғары лигасының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 желтоқсанда Мәскеуде КВН ойындары Жоғары лигасының финалы өтті. Ойынға Юлий Гусман, Татьяна Навка, Михаил Галустян, Семен Слепаков, Сергей Гармаш, Андрей Бурковский қазылық етті. Ойын нәтижесінде бірінші орынды  «Спарта Номад» (Астана), екінші орынды «Радио Свобода» (Ярославль) иеленді, ал үшінші және төртінші орындарды «Плюшки» (Тверь) мен «Раисы» (Иркутск) бөлісті. Алғашқы бестіктен «Сборная Большого Московского Государственного Цирка» (Мәскеу) көрінді. «Спарта Номад» (Астана) биылға чемпион атанды», - делінген Халықаралық «КВН» одағының сайтында.

Айта кетейік, қазақстандық КВН командасы Жоғары лигада алғаш рет топ жарып отыр.

Соңғы жаңалықтар