Құзырлы орган қызметкерлері футболдан жарысты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының құзырлы орган қызметкерлері футболдан жарысты.


Шараға облыстық ІІД-ден, қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдерінен, облыстық прокуратурадан,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен және Ұлттық ұланның әскери бөлімінен барлығы 25 команда қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағын футбол турнирінің қорытындысы бойынша, 1-орынды Панфилов аудандық ІІБ қанжығалады. 2-орын  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне бұйырды, ал «қола» жүлдеге  Ескелді аудандық ІІБ ие болды.


Алматы облысы ІІД-нің ұйымдастыруымен өткен турнир  «Қазақстан полициясының құрылуына 25 жыл» толуына орай  және милиция генерал-майоры  Әбдіқадыр Болсамбековті еске алуға арналған. Шараға Алматы облыстық ІІД-нің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат  Ұрұмханов, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері, соғыс ардагері Ә.Болсамбековтің қызы Анфиса Болсамбекова қатысты.

«Біз  еліміз, жеріміз үшін қаралы соғысқа қатысып, жеңіс туын желбіреткен батырларымызды, ерлерімізді ұмытпауымыз керек. Олардың есімі және ерлігі, отанына деген сүйіспеншілігі келер ұрпақтың әрдайым есінде болуы үшін осындай шараларды жыл сайын өткізу дәстүрге айналған» - деп атап өтті өз сөзінде полиция басшысы М. Ұрұмханов. 

Соңғы жаңалықтар