Құтқарушылар Атбасарда 40 адамды судың екінші бетіне өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Атбасарда су тасқынының салдарымен күресті жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен хабарланғанындай, жедел-құтқару жасағының мамандары: бөлім жетекшісі А.Смайылов, бас құтқарушылар Б.Жолдасбаев пен А.Сәдуақасов, М.Жолдығұловтар су тасқыны басталғалы бері 40 адамды, оның ішінде 8 баланы Атсабар-Ащыкөл автожолының 15 км-дегі судан өткізу жұмыстарымен айналысқан.

null 

24 сәуір күні Өрт сөндіру және апаттан-құтқару қызметінің күштерінің және құралдарының көмегімен суды сорғыту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 1471 текше метр ағын су сорғытылды. Бұл бағытағы жұмыстар жалғасуда.

null

Соңғы жаңалықтар