Құтқарушылар адасып кеткен қыздарды құздан түсірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құтқарушылар адасып кеткен қыздарды құздан түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«109» қалалық құтқару қызметінің нөміріне сенбі күні 13:50-де екі қыздың адасып кеткені туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар қыздарды геолокация арқылы тауып алды. Бойжеткендер құздан арнайы альпинистік құрылғымен түсірілді.

Сонымен қатар «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында бір топ жігіт тауда жаяу серуендемек болып шыққан. Кейін қайтар жолды таба алмай қалғандықтан, құтқару қызметіне араласуға тура келді. Мамандар жас жігіттерді «Медеудегі» автобус аялдамасына дейін жеткізген.

Соңғы жаңалықтар