Құсбегі Бақытжан Жүнісовтің қолынан шыққан ат әбзелдері таңдай қақтырды - Павлодар облысы

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы орталық алаңда кеше ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне келген жұрт баянауылдық құсбегі Бақытжан Жүнісовтың қолынан шыққан ат әбзелдері бұйымын қызыға тамашалады.

Белгілі құсбегі Бақытжан Жүнісов Баянауыл ауданы Жұмат Шанин ауылында тұрады, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz .

Наурыз мерекесіне арналған көрмеге өзі жасаған ердің үш түрін, ноқта, жүген, қамшы, бишік және өткір кездік сынды аңшыға керекті құрал-жабдықтарды қойыпты. Сонымен қатар, бүркітші қала тұрғындары мен қонақтарына көрсету үшін өзі аңға салып жүрген қаршығасы мен бүркітін және аттарын да ала келген. Ол енді қазақтың осы киелі өнеріне тоғыз жасар ұлын баулып жүргенін жеткізді.

«Құсбегілік өнерге тоғыз жасар ұлымды баулып жүрмін. Бірінші мамыр мерекесіне жиналған жұртқа атпен теңге алу, аударыспақ секілді ат спорты түрлерін көрсетеміз. Қазіргі таңда "ЭКСПО-2017" көрмесіне келген шетелдік қонақтарға көрсету мақсатында қайыс бұйымдарынан ат әбзелдерін дайындап жатырмыз», - дейді Бақытжан Жүнісов. 

Соңғы жаңалықтар