Күршімдегі «Қызыл ту» мұз өткелі жабылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Күршім ауданындағы Қызыл ту мұз өткелі барлық көлік түрлері үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті 18-19 наурыз күндері ауа райы күрт жылынып, таулы өлкелерде қарғын су жүруі мүмкін екенін ескертті.

«Күннің күрт жылыну салдарынан жаңбыр жауып, оның салдары таулардан қарғын су жүруіне әкеп соқтыруы мүмкін» - делінген хабарламада.

 Ал Құйған ауылдық округінің өкімімен Күршім ауданындағы «Қызыл ту» мұз өткелі бүгіннен бастап барлық көліктер үшін жабық. Мамандар Бұқтырма су қоймасының бетіндегі мұздың жұқарғанын анықтаған.

www.kp.ru сайттан алынған иллюстрациялық фотосурет

Соңғы жаңалықтар