Күн мен жел энергиясына арзан несие беріле ме

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның баламалы энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбаевтың айтуынша, аталған ұйым баламалы энергетиканы дамытамын дейтін азаматтарға арзан несие беру мәселесін көтерген болатын. Осы орайда арнайы мемлекеттік бағдарламаны да әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

Ұйым басшысының айтуынша, Қазақстанда күн мен жел энергиясы сияқты баламалы қуат көздерін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. «Территориямыз кең. Халықтың саны көп емес. Сосын адамдар бір-бірінен шалғай тұрады. Дәл сол шалғай жатқан ауылдарда күн мен жел энергетикасын дамытқан тиімді. «Ондай ауылдар шалғайда орналасқандықтан ол жерде шағын гибридті құрылғыларды орнатып, энергия өндірген тиімді. Үндістан, Австралия және тағы басқа мемлекеттерде солай істейді. Күн мен жел энергиясы арқылы шалғай ауылдардың тұрғындары тоңазытқыш, үтік, ұялы телефон және тағы басқа құрылғыларды зарядтай алады. Сосын су сорғыштарына қажетті энергияны өндіріп, бау-бақша мен егістік алқаптарын суаруға мүмкіндік бар», - деді Қашқынбаев бүгін Еуразиялық медиа форумның панельдік сессиясында.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның баламалы энергетика қауымдастығы арнай мемлекеттік бағдарламаны да әзірлеуді ұсынған болатын. «Біз Энергетика министрлігіне барып, ЭКСПО-дан кейін арнайы мемлекеттік бағдарламаны қабылдауды ұсындық. Қазір баламалы энергетикаға арналған заң мен тұжырымдама бар. Енді, бір мемлекеттік бағдарлама болуы қажет деп ойлаймыз. Ондай бағдарламалар ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу саласында қабылданған. Баламалы энергетика саласына да теңгемен, мысалы, 5 пайыздық үстеме ақымен ақша бөлуге болатын еді. Сонда осы саладағы компаниялар девальвациядан қорықпайды. Өз бастамаларын батыл іске асырады. Бірақ бізге ондай ақша әзірше жоқ деді», - деп атап көрсетті ұйым басшысы.

Соңғы жаңалықтар