Құлсарыда тыр жалаңаш серуендеген Теңіздің 30 жастағы сантехнигі болып шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Құлсары қаласында тыр жалаңаш серуендеп жүрген азамат Теңіздің 30 жастағы сантехнигі болып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетейік, сенбі күні қала ішінде тыр-жалаңаш серуендеп жүрген ер адамның видеосы интернетті шарлап кеткен болатын. Ашуланған жұрт оны лезде тауып, жазаға тарту керектігін айтып жатты.

«Ол Батыс Қазақстанның тұрғыны, жасы 30-да. Теңіздегі компаниялардың бірінде сантехник болып жұмыс істейді. Қаланың ортасында жалаңаш жүргенде ол мас болған. ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» кодексінің 440-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Тергеу амалдары аяқталған соң іс сотқа жіберіледі. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған айыппұл немесе қамау жазасы белгіленуі мүмкін», - деп мәлімдеді Атырау ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар