Құлаған зымыран бөлшектерінен зардап шегушіге пластикалық оталар жасалады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы жазығындағы «Союз-2.1а» зымыран тасығышы бөлшектерінің құлауы салдарынан күйіп қалған кәсіпорын жұмысшысына бірнеше пластикалық ота жасалмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Машина жасау ҒӨБ» рессейлік кәсіпорны зардап шеккен азаматтың еміне қажетті қаражатты өз мойнына алды.

«Науқастың жағдайы әзірге ауыр болғандықтан, теріні ауыстырып ота жасау кейінге қалдырылып отыр. Ол есін жиды, өздігінен демалады, алайда денесін қатты күйік шалған», - деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығы директорының орынбасары Серік Төлеубаевтың айтуынша, 49 жастағы емделушіге тек наркозбен ғана таңу процедуралары жүргізіледі.

«Таңуды күйген жерлердің аумағы мен тереңдігін анықтау үшін наркоз арқылы жасаймыз. Оның денесінің 40 пайызы күйген және күйік алған орындар улы заттармен зақымдалған», - деп атап өтті С. Төлеубаев. 

Соңғы жаңалықтар