Құл-Мұхаммед: Елбасының жаңа кітабы - Тәуелсіздіктің энциклопедиясы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын  - Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар. Астанада басылымның тұсаукесерін жүргізген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Осыдан тұп-тура 26 жыл бұрын халқымыздың жаңа дәуірі басталды. Бұл -егемендік, тәуелсіздік, еркіндік дәуірі. Бұл - қазақтың Елбасымен бірге дәуірлеу кезеңі», - дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, жаңа кітапта Елбасымыздың дана басшылығымен тәуелсіз мемлекетіміздің ширек ғасырдан астам уақытта қол жеткізген барлық жетістіктері сараланған.

«Елбасымыздың жүрек толғанысынан шыққан бұл кітап бәріміздің қасиетті Отанымыз - Қазақстан Республикасының негізін қалаған Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар», - дейді ол.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары өзсөзінде Тәуелсіздік заманында Елбасы Қазақ елін әлемдік қауымдастықтың еңалдыңғы қатарына шығарғанын тілге тиек етті.

«Алдарыңыздағы кітап - Елбасының бәріміз үшін ең қасиеттіқұндылық саналатын тәуелсіздік туралы ой-толғамдарының жиынтығы. Ендеше, бұлкөп ұзамай-ақ барша қазақстандықтардың сүйіп оқитын кітабына айналары анық», -дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Еске сала кетсек, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері болып өтті. Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.

Соңғы жаңалықтар