Құбырдың жарылуы салдарынан Қарағандының жартысы сусыз қалды

None
None
Қарағанды. ҚАЗАҚПАРАТ- Қарағанды тұрғындары таңғы сағат бестен түскі 14:45-ке дейін ауызсусыз қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Оған Восток-3 шағын ауданындағы магистралды су құбырының диаметрі 1,4 мың миллиметр болатын аумағының жарылуы себеп болды. «Апат таңғы сағат бесте Восток-3 шағын ауданында болды. Қалпына келтіру жұмыстары таңғы 8.00-де басталып, 14:45-те аяқталды деп хабарлады «Қарағанда СУ» компаниясның баспасөз қызметі.

Бұл су құбыры арқылы Жаңа қала, Михайловка, Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық тұрғындарына және Ақтас ауылына су келеді.

Алайда 16-шы тамызда Қарағанды қаласының басым бөлігі жоспарлы түрде судан ажыратылады. Осы себепті Майқұдық ауданы және Куряновск аулы тұрғындарына су қорын жинап алу туралы хабар берілді.

«НС система» мердігерлік ұйымы №3 су тартқышын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар Пришахтинск (21 шағын аудан, Зелинский, Новостройка, 3-качегарка, Курильская, Расчетная, Тарпедная, Пирогова, Кисловодская, Байсейітов, Сухопутная, Ш. Руставелли, Сводная жане т.б көшелер) бағыттарына су берілмейді.

«16 тамызда «Қарғанды Су» ЖШС су тартқыштың жаңа учаскесін пайдалануға беру жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты су беру тоқтатылады. Бір тәулікке жететін су қорын жинап алуды ұсынамыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз» деп хабарлады коммуналдық кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар