Кубаньда бес сантиметрлік бұршақ жауды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат -  РФ Краснодар өлкесі Мостов ауданында, сейсенбі, 27 маусымда диаметрі 5 см дейін бұршақ жауды. Бұл туралы ТЖМ Краснодар өлкесі бас басқармасының сайтында хабарланды.

 «Мостов ауданы БКДҚ жедел кезекшісінен Псебайск қалалық кентінде диаметрі 50 миллиметрге жуық бұршақ жауды деген ақпарат түсті», - делінген хабарламада.

Аудан әкімшілігі ауа райының тосын мінезі келтірген шығынды анықтау үшін комиссия жұмысын ұйымдастырды, деп қосты ведомстводан.

22 маусымда Хакасия республикасында бес адам көлемі тауық жұмыртқасымен бірдей бұршақ салдарынан   жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар