«Қуаныш» пен «Сәуле» атты роботтар Қазпоштаға жұмысқа тұрды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазпошта еліміздегі тұңғыш Цифрлық кеңсенің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазпоштаның тұңғыш Цифрлық кеңсесі Астана қаласында ашылып отыр. Кеңсеге кіргеннен-ақ Сізге Қуаныш атты робот «Қазпоштаның цифрлық кеңсесіне қош келдіңіздер» деп қарсы алады. Алдағы уақытта Қазпошта мұндай кеңселерді еліміздің бірнеше қаласында іске қоспақ. Мұнда қызметтерді әдеттегідей оператор қызметкерлер емес, гибридті банкоматтар, электрондық кассир, поштамат және VR-агент көрсетеді.

Қазпоштаның болашақ кеңселерінде клиенттер пошталық және қаржылық қызметтерді өздері атқара алады. Сондай-ақ post.kz сайты қызметтерінің мұнда барлық түрін пайдалануға болады. Атап айтқанда, ақша аударымдарын жасауға, коммуналдық төлемдерді, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеуге, авиа және теміржол билеттерін сатып алуға және т.б. қызметтерді орындауға болады.
null 

Кәсіпкерлер үшін заманауи кеңсе бірегей қызметті ұсынып отыр. Нақтырақ айтқанда, банк пен инкассаторлар қызметін алмастыра алатын электрондық кассирдің құндылығы ерекше. Бөлімшеге келіп, өз картаңызды толтырсаңыз жеткілікті. Жабдық бір жолда 100 млн теңгеге дейін қабылдайды. Ақшаны жүйенің өзі санап, купюралар бойынша іріктейді.Операция соңында клиентке чек беріледі. Қолма-қол ақша беруде де электрондық кассир дәл осылай жұмыс істейді. Кешен 4-5 ай автономды тәртіпте жұмыс жасай береді. Банктер 18-00-ге дейін қызмет көрсетсе, цифрлық кеңсе сағат кешкі 22:00-ге дейін ашық болады.

Бөлімшенің жұмысын толықтай алмастыра алатын тағы бір бірегей құрылғы - гибридті банкомат. Ол төлем картасына тапсырыс беруге және алуға көмектеседі, ал алдағы уақытта саусақ пен бет-әлпет бойынша биометрикалық верификациялау қосылғаннан кейін карта шотынан картаның өзінсіз қолма-қол ақша алуға мүмкіндік туады.

Гибритті банкоматта рost.kz сайтының коммуналдық төлемдерін, салықтарды, кредиттерді, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу, ақшааударымдары және депозиттерді толтыру сияқты қызметтер қолжетімді бола түскен. Сондай-ақ байланыс орталығы операторымен хабарласуға және нақты уақыт режимінде кеңес алуға болады.

Цифрлық кеңседе гибридті банкоматпен қатар, классикалық банкоматтар мен төлем терминалдары қойылған. Олар айыппұлдарды төлеуге және шетелге шығуға қойылған шектеуді алып тастауға мүмкіндік береді. Клиенттер ЖСН енгізу арқылы өз мойнында берешектің бар-жоқтығын тексеріп, төлем жасауына болады. 5 минут ішінде клиенттің берешекті төлегені туралы ақпарат ҚР Әділет министрлігінің деректер базасына беріледі де, 30 минуттан соң елден тысқару шығуға салынған шектеу алынып тасталады. Мұндай терминалдар еліміздің 8 әуежайында орнатылған. Келер жылы қалаларға тағы 120 терминал қойылмақ.

«Сәуле деген кеңесші «Method-Pro» мектебімен бірге жасалды. Ол біздің клиенттердің маңызды сұрақтарына жауап береді. Мәселен, төлемді қалай жүргізуге болатынын, банк картасын қалай алуға болатынын Сәуледен сұрап біле аласыз. Әзірге Сәуле 100 сұраққа жауап бере алады. Әлбетте, бұл алғашқы нұсқа болғандықтан, біз оның қызмет аясын кеңейтуді қола аламыз», -дейді ІТ-сәулет бойынша Департамент директоры Бақтияр Мұхаметқалиев.

Ол сонымен бірге, Қуаныш атты робот та осындай сұрақтарға жауап бере алатынын атап өтті.

«Қуаныш көбінесе келген адамдардың көңілін көтеру үшін жұмыс істейді. Сіз есіміңізді бір рет қана атасаңыз, ол есіне сақтап алып,сізбен әңгімелесе береді. Тіпті ертеңінде сізді танып қойып, атыңызды атап, әңгіме-дүкенді жалғастыра беруге қауқарлы. Ол ауа-райы туралы, қайда тұрғаныңызды айтып, Wi-fi паролінің өзгергенін айтып беріп тұрады», - дейді Бақтияр Мұхаметқалиев.

Соңғы жаңалықтар