Қуаныш Асылов: Қазақ тілін инновациялық технологиялар негізінде оқыту керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 7 сәуір күні Талдықорған қаласының «Тіл сарайында» «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара мемлекеттік тілді оқыту әдістемелерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен өтті.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы, облыстардың тілдерді дамыту басқармаларының және барлық мемлекеттік тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, шығармашылық интеллигенция өкілдері және көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.

Талқылау барысында мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері сөз болды. Әдіскерлер мен облыстық оқыту орталықтарының басшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағатын өткізді.

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов өз сөзінде алдыңғы қатарлы тәжірибелерді ескере отырып, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту әдістемесін жетілдірудің маңыздылығын, сонымен қатар қазақ тілін оқытудағы қалыптасқан әдістерді сақтау қажеттігін атап өтті.

Шара қорытындысы бойынша өңірлік басшылар мен оқыту орталықтарының басшыларына мемлекеттік тілді оқыту үрдісінде жаңа тәсілдер мен инновациялық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар берілді.

Соңғы жаңалықтар