ҚТЖ жұмысшылары Шығыс Қазақстандағы Талды станциясында тасқын сумен күресуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысшылар бригадасы Шығыс Қазақстан облысы Достық ауылдық округі Талды станциясында тасқын сумен күресуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Теміржол станциясы «Семей-Курчатов» тасжолынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Жағдай бақылауға алынған. Құтқарушылардың көмегі әзірге қажет емес, 90 адамнан тұратын «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысшылар бригадасы қажетті өз шараларды күштерімен орындауда, деп хабарлады ТЖ департаменті.

Қазір үйінділерді нығайту жұмыстары жүргізілуде, 2500 қап төселді. Екі мотопомпамен су айдалуда. 300-ге жуық бас ірі және ұсақ қара мал қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындар эвакуациядан бас тартуда, алайда пойыздағы 10 бала Семей қаласындағы туыстарына эвакуацияланды.



ТЖ атап өткендей, станцияның кіреберісіне тек теміржол көліктері кіре алады. Достық ауылдық округі мен Семей қалалық ТЖБ бастығының орынбасары тұрғындармен нұсқаулықтар өткізіп, жадынамалар берілді.

Теміржолды қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қолданылуда. Станция ойыс жерде орналасқандықтан, әрдайым бақылауда.

Соңғы жаңалықтар