КТК телеарнасының операторы жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - КТК арнасының қызметкері 30 жастағы Олжас Белгібаевты туыстары бес күн бойы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 сәуір күні үйінен шыққан ол содан бері хабарсыз, телефоны да сөндірулі. Әкесінің айтуынша, бұл ұлы жасайтын қылық емес.
«Сол күні түсірілімдерім бар, кешке киноға барамын деді. Кешке үйге келген жоқ. Телефоны жексенбі күні де сөніп жатқан көрінеді. Не болғанын білмеймін. Ешкімде шаруасы жоқ, тыныш бала болатын. Полицияға арыз беріп қойдық»,-дейді әкесі.

Оның жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерге таратылып, полиция КТК арнасының операторын іздеу үстінде.

«Іздестіру бойынша жедел топ құрылып, Белгібаевтың қайда жүргенін анықтау бойынша жұмыстар басталып кетті»,-дейді жергілікті ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.

Олжас Белгібаев қаладағы бірнеше КТК және «Алматы» сияқты бірнеше телеарнада жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар