Красноярск пен Алматы арасында әуе қатынасы ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Красноярскіден Алматыға жаңа тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайтына сілтеме жасап.

«Ангара» әуе компаниясы жаңа рейстерге билет сата бастады.

Енді Қазақстанның оңтүстік астанасына үшінші маусымнан бастап  аптасына екі рет - бейсенбі және жексенбі күндері ұшып баруға болады.

Рейстерді АН-148-100 әуе кемесі орындайды.

Лайнерлер Красноярскіден 20:50-де ұшып шығады, ал Алматыдан дүйсенбіге қараған түні мен жұмада сәйкесінше 00:10 және 00:20-де аттанады.

Ұшу уақыты 3,5 сағатқа жуық.

Билеттің бір жағына құны 12,5 мың рубль (70 мың теңге).

Соңғы жаңалықтар