ҚР ҰҚК Петропавлда бес адамды ұстады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Петропавл қаласында бес адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық Азия елдерінің бірінен азаматтар тобының халықаралық террористік ұйымдарға қатыстылығын тексеру жөніндегі жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІД-нің күштерін қатыстырумен Петропавл қаласында бес адамды ұстаған.

«Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер халықаралық террористермен байланысы бар деп күдіктенуде», делінген хабарламада.

Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған адамдарды серіктес мемлекеттің құқық қорғау органдарына беру туралы мәселе қарастыруда. 

Соңғы жаңалықтар