ҚР ҰҚК: ОҚО мен Ақтөбе облыстарында 4 радикалды топтың қызметінің жолы кесілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында 4 радикалды топтың қызметінің жолын кесті. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Белгілі болғандай, қолға түскен топ мүшелері Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер органдары бірлесіп жүргізген арнайы шаралар барысында ұсталған. Олардың елімізде тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға шақырғаны және соларға қатысты материалдарды таратқаны анықталды.

Осылайша 4 радикалды топтың іс-әрекеті бейтараптандырылды. Террорризмді насихаттау және діни алауыздық тудыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында 11 адам ұсталған. Қазіргі таңда ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту, куәлардан жауап алу және басқа да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар