ҚР ҰҚК Қазақстан-Қырғыз шекарасындағы жоспарлы операцияның нәтижесін хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз шекарасында жоспарлы жұмыс жүргізген кезде осы учаскеде шекарадан өтетін адамдардың саны азайған жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан-Қырғыз шекарасын жабу туралы ақпараттың таралуына байланысты Шекара қызметі жоспарлы операциясын өткізген кезде осы учаскеде шекарадан өтетін адамдардың саны азаймағанын хабарлайды. 10-11 қазанда Қырғызстанға 18680 адам барса, Қазақстанға 14867 адам келген», - деп хабарлады ведомстводан.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде өткізу бекеттерінде 112 құқық бұзушылық анықталған (оның ішінде 55 жағдай Қырғызстан азаматтарына қатысты), оқ-дәрі алып өтуге жол берілмеді. Өткізу бекетінен тыс 65 Қырғызстан азаматы ұсталды. Олар шекара режимін және 14-і көші-қон заңнамасын бұзған, деп нақтылады ҚР ҰҚК. Бұдан бөлек, көліктерді тексеру барысында анықталған экономикалық контрабанда белгілері бар бірқатар фактілер тексеріліп жатыр. Барлығы 8 мыңнан астам шетелдік тексерілсе, соның 3 мыңға жуығы -  Қырғызстан азаматтары.

«Ереже бұзған 386 қырғыз азаматы әкімшілік жауапқа тартылды, 242 адам - Қазақстаннан қуылды, 69 адамның елде болу мерзімі қысқартылды, 21 адам - әкімшілік қамауға алынды. Бұған қоса, Қырғызстан билігінің сайлау күні болуы мүмкін жаппай тәртіпсіздіктер туралы мәлімдемесін ескере отырып,  ҰҚК Шекара қызметі қылмыстық элементтердің Қазақстанға өтуіне жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қабылдап жатыр», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар