ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмағұлов Талғат Маратұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Талғат Жұмағұлов Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Гарвард университетінің (АҚШ) магистратурасын аяқтаған. Әр жылдары Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Израильдегі Қазақстан Елшілігінде, ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің басшысы болды.

Тағайындауға дейін ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Соңғы жаңалықтар