ҚР СІМ басшысы КХДР бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов КХДР бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің министрліктер отырысына қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Министр Қайрат Әбдірахманов КХДР бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің талқылауына қатысады. Ол қазір Нью-Йоркте», - деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР сыртқы саясат ведомствосы баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Бұрын, ТАСС хабарлағандай, 28 сәуір күні өтетін отырысқа жеті елдің сыртқы саясат ведомствосының басшылары қатысуы керек, соның ішінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Қытайдың СІМ басшысы И. Ван да бар.

Бүкіләлемдік ұйымның баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Корейлік жартылай аралдағы алаңдаушылықты басуға шақыратын баяндама жасайды. 

«Басты міндетіміз - денуклеаризацияны қамтамасыз ету. Соңғы жылдары біз алтытараптық келіссөздерді жаңартуға шақырып келдік, бірақ қазір жартылай аралдағы қарбаластықты бәсеңдетуіміз қажет», - деді мемлекеттік хатшының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак.

Ол бұл үндеудің барлық елдерге қатысты екенін атап өтіп, КХДР-дің елде ядролық қару жасау және оны жеткізу құралдарына тыйым салатын «резолюцияны ұстануы тиіс» екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар