ҚР СІМ Барселонада зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Барселона орталығында жүк көлігінің адамдардың қалың тобына соғылуынан зардап шеккендер арасында қазақтандықтардың бар-жоғын анықтауда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бір сағатқа жуық уақыт бұрын жүк көлігі Барселона орталығында қалың халықты басып өтті. Зардап шеккендер бар.

Испаниядағы қазақстандық дипломаттар зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтауға кірісті», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Еске салсақ, бейсенбі күні кешкісін Барселона орталығында пикап халықтың арасымен жүріп өтті. Барселона полициясы қаланың туристік орталығында адамдарға жасалған қастандықты теракті деп есептейді.

ТАСС-тың хабарлауынша, оқиға салдарынан кем дегенде үш адам ажал құшып, ондағаны зардап шекті. Оқиғаға жақын маңдағы метро стансалары жабылды.

Испанияның премьер-министрі Мариано Рахой Twitter арқылы оқиғаға байланысты жергілікті билік өкілдерімен және шұғыл қызметтермен ұдайы байланыс ұстап отырғанын мәлім етті.

 

Соңғы жаңалықтар