ҚР Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері анықталды. Ақорданың ресми сайтында стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті                                                             Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 14 желтоқсан

№ 202

2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы:

Әдебиет қайраткерлері

Айтқожина Марфуға - 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Ахметова Күләш - 1946 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері

Әбдіков Төлен - 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшімов Әкім
(Әкім Тарази) - 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшіров Ахметжан - 1938 жылы туған, жазушы-драматург, «Құрмет» орденінің иегері

Байғұт Мархабат - 1945 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Бақтыгереева Ақұштап - 1944 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бодаубай Болат - 1940 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бөдешұлы Жәркен - 1944 жылы туған, ақын

Гаркавец Александр - 1947 жылы туған, түрколог ғалым, қоғам қайраткері

Досанов Сәбит - 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Дүйсенов Жамбыл - 2004 жылы туған, ақын

Елеукенов Шерияздан - 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Жолдасбеков Мырзатай - 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері

Исабаев Нұртас - 1954 жылы туған, ақын

Қыдырханұлы Уақап - 1932 жылы туған, жазушы

Мұртаза Шерхан - 1932 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Мырзахметов Мекемтас - 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Ниязбек Рәпілбек - 1943 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Нұрмағамбетов Тынымбай - 1945 жылы туған, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері

Нұрпейісов Әбдіжәміл - 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Оразбаев Иранбек - 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Оспан Сейфолла - 1938 жылы туған, жазушы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Рамазан Думан - 1967 жылы туған, жазушы

Рәш Мыңбай - 1930 жылы туған, жазушы

Салғараұлы Қойшығара - 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сараев Әнес - 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сүлейменов Олжас - 1936 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты

Ыдырысов Әбілфайыз - 1930 жылы туған, жазушы

Чернова Надежда - 1947 жылы туған, ақын

Өнер қайраткерлері

Абдулина Айша - 1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Абубахриева Мукарам - 1983 жылы туған, бас балетмейстер

Асқарова Әсел - 1992 жылы туған, балет солисі

Атымтаева Түймехан - 1955 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ахметов Әділ - 1984 жылы туған, актер

Әбілғазина Айнұр - 1986 жылы туған, балет солисі

Әшімов Асанәлі - 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшірбекова Роза - 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Байбосынов Қайрат - 1950 жылы туған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Байсейітова Раушан - 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Дүйсекеев Кеңес - 1946 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Еркімбеков Жексембек - 1930 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жаманбаев Базарғали - 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Журавлев Николай - 1926 жылы туған, мүсінші 

Имашева Баян - 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Каленбаева Меруерт - 1939 жылы туған, қобызшы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Клушкин Юрий - 1937 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Күзембай Сара - 1937 жылы туған, музыкатанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қастеева Зарема - 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі

Қосыбаева Тамара - 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Мәлібеков Жандарбек - 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы

Мышбаева Нүкетай - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Нүсіпжанов Нұрғали - 1937 жылы туған, әнші, Қазақстан Республикасының халық әртісі

Обаев Есмұқан - 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Омарханова Рымкеш - 1939 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері

Оразбаев Сәбит - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Өтекешова Меруерт - 1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері

Померанцев Юрий - 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Разиева Гульвира - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Сақиева Күләш - 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Сарықұлова Гүлшара - 1925 жылы туған, өнертанушы

Сәдуақасов Дамир - 1988 жылы туған, опера солисі

Тасыбекова Торғын - 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Тастанбеков Құман - 1945 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Тебенихин Амир - 1977 жылы туған, пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тен Ирина - 1992 жылы туған, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Тоғызақов Ерболат - 1948 жылы туған, актер

Төлегенова Бибігүл - 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Тұрынтаев Руслан - 1998 жылы туған, скрипкашы Тыныштығұлова Сара - 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Уәлиханов Шота - 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Хасанғалиев Ескендір - 1940 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Шәріпова Зәмзәгүл - 1931 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Школьный Арий - 1926 жылы туған, кескіндемеші,  Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері

Шотабаев Медет - 1986 жылы туған, опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Соңғы жаңалықтар