ҚР Президенті: Мемлекет басшысының міндеті - халықтың әл-ауқатын жақсарту

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам артта қалып қоймауы үшін өмір бойы оқуы керек. CCTV телеарнасына сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мансаб жолын жұмысшы лауазымынан бастау міндетті болмағаннан кейін бүгінгі жастарға мұны түсіну қиынға түсер. Біз сияқты жас мемлекеттің қалыптасуы барысында басшы бәрін білуі, сезінуі тиіс деп ойлаймын. Мен ата-анам қарапайым ауыл шаруалары болды. Өзімде жұмысшы болып бастадым. Елді аралап халықпен сөйлескен кезімде жұмысшылардың не ойлайтындығын, шаруаның не жайында ойланатындығын білемін. Олардың проблемаларын, жай-күйлерін ұғынып, әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеймін», - деді ҚР Президенті.

Елбасы бүгінде мемлекет басқару ісіндегі жұмыс көлемінің, деңгейінің мүлдем басқа, өте үлкен, ауқымды екендігін баса айтты.

«Дегенмен, кезінде алған тәжірибе барлық уақытта да біздің жан-дүниемізде және әр уақытта да дұрыс шешім қабылдауға көмегін береді. Өйткені, әрбір мемлекеттің бірінші басшысының міндеті мен мақсаты - елдің игілігі, халықтың әл-ауқатын жақсарту... Қазір әлемнің, ғылыми-техникалық прогрестің қызу дамығандығы соншалықты жаңа деңгейде жұмыс істеуге тура келеді. Адам артта қалып қоймауы үшін өмір бойы оқуы керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар