ҚР Президенті: Қазақстанның әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің зиялы қауым өкілдерімен кездесуі барысында бәсекеге қабілеттілік мәселесіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басты бөлімдердің бірі бәсекелестік мәселесіне арналғандығын айтты.

«Бұл өте күрделі әрі негізгі мәселе. Мемлекет бәсекеге қабілетті болуы керек, халық соған сай болуы керек және Қазақстанның әрбір азаматының жеке басы бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс. Біз қазір тек қазақстандық қана емес бүкіл дүниежүзілік деңгейдегі ұрпақты тәрбиелеп отырмыз. Бүгінгі ұрпақ өзге елде жолын тауып, жақсы табыс тауып, жақсы қызмет етіп жатса, оның ешқандай айыбы жоқ. Бәсекеге қабілетті болу әр жастың, әр адамның ойында болуы керек. Бәсекеге қабілетті жас жаңа заман технологиясын меңгеріп, тіл біліп, мәдениетті болуы шарт. Бұл ретте осы сияқты көптеген мәселелерді мысалға келтіруге болады. Әрбірден соң жастар бәсекеге қабілетті болуы үшін олардың денсаулықтары да мықты болуы қажет, саналары жаңалықтарды қабылдауға ашық болуы шарт. Біздің елге 100 оқулықты аударып алып келсек деген мәселе осыдан туындап отыр»,-деді Президент.

Осы ретте Елбасы елімізде жоғары оқу орындарында қажетті оқулықтардың барлығы табыла бермейтіндігін атап өтті.

«Тарих, философия, психология мәселелері бойынша заманға сай оқулықтар табыла бермейді. Ал біздің санамыз дүниежүзілік деңгейде ойлай білетін болуы керек. Өйткені бізде бәсекеге қабілетті болудан басқа жол жоқ»,-деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар