ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Түрікменстанға барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-23 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен  Түрікменстанның Мары қаласына барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесу барысында алдағы уақыттағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелелері талқыланды.

«Біз екі ел арасындағы терең сауда-экономикалық байланысқа айрықша  маңыз береміз. Елбасының  Түрікменстанға жасаған 2017 жылғы сапарында екі жақты  сауда келісімдеріне қол жеткізілді»,-деді А.Мамин.

Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде көлік-транзиті, энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, темір жол өнімдерін жеткізу мәселелері қаралды. Кездесуде әскери-техника және аэроғарыш саласы да назарға алынды.

Түрікменстан Президенті өз кезегінде аймақтық инфрақұрылымдық жобаларды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Түрікменстан мен Қазақстан бір-біріне тату көрші және сенімді серіктес. Біз аймақтық инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға күш салуымыз керек»,-деді Г. Бердімұхамедов.

Кездесу барысында тараптар Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметін талқылады.

Түрікменстан сапарында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары «Түрікменстан- Ауғанстан - Пәкістан - Үндістан» газ құбыры құрылысы кезеңінің ресми салтанатты ашылуына қатысты.

Соңғы жаңалықтар