ҚР Премьер-Министрі трансұлттық корпорациялардың өкілдерімен екіжақты кездесу өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев әлемдік компаниялардың өкілдерімен мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz .

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-пленарлық отырысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев трансұлттық корпорациялардың өкілдерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Бақытжан Сағынтаев «Лукойл» ЖАҚ президенті В. Алекперовпен, Cameco канадалық компаниясының президенті Т. Гитцелмен, Royal Dutch Shell Plc бас атқарушы директоры Б. Берденмен, Exxon Mobil вице-президенті М. Альберспен, «РУСАЛ» БК бас директоры В. Соловьевпен, General Electric Oil&Gas бас директоры Л. Симонеллимен, ENI бас атқарушы директоры К. Дескальцимен, «Полиметалл» ААҚ төрағасы И. Финогеновпен, Еуропа, Африка және ТМД елдері бойынша Marubeni өкілі Н. Ивашитамен кездесті.

Кездесулер барысында мұнай-газ, энергетика, тау-кен өндірісі, металлургия, сондай-ақ машина жасау салаларында ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында технологиялық жаңару мен энергияның жаңғыртылатын көздерін пайдалану бойынша жобаларды іске асыру келешегін қарады.

Соңғы жаңалықтар