ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына барады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жұмыс сапарының бағдарламасында Каспий теңізінің Қашаған кен орнын игеру бойынша жобалардың Солтүстік Каспий нысандарымен, «Болашақ» мұнай-газ өңдеу зауыты және күкіртті өңдеу зауыттарымен танысу белгіленген.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев мұнай өнеркәсібіне арналған кадрларды дайындайтын жоғарғы техникалық мектепке барып, онда студент жастармен кездеседі деп күтілуде. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекелеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауының аясында мұнай-газ саласының кәсіпорындарын технологиялық тұрғыдан жаңғырту мәселелері бойынша жиын өткізеді. Бұдан әрі Бақытжан  Сағынтаев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік мүшелерімен кездесіп, бірқатар кәсіпорындарды аралайды.

Соңғы жаңалықтар