ҚР ОСК депутат Жамаловқа қатысты тексеріс жүргізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР  Орталық сайлау комиссиясы депутат Аманжан Жамаловқа қатысты тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының а.ж. 17 қаңтарда 365info.kz интернет-порталында жарияланған «Табысты» депутат Жамалов Қазақстан Парламентінен кетуі мүмкін» мақаласында баяндалған фактілер бойынша отырысы болды.

ҚР ОСК мүшесі М.А. Сәрсембаевтың хабары және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.М. Жамаловтың түсіндірмелері тыңдалды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 6-тармағына сәйкес ҚР ОСК мүшелері М.А. Сәрсембаев пен Л.Ж. Сүлейменге тексеру жүргізу және а.ж. 24 қаңтарға нәтижелері туралы баяндау тапсырылды.

Аталған мәселе бойынша ҚР ОСК қаулысы қабылданды», - деп жазылған ОСК хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар