ҚР Омбудсменін тағайындау Президенттің құзырынан Сенатқа берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерге сəйкес, енді Адам құқықтары жөніндегі уəкілді депутаттар тағайындамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Адам құқықтары жөніндегі уəкілді Президент тағайындап келді.

"Депутаттардан, Парламент палаталарының тұрақты комитеттерінен, саяси партиялардың фракцияларынан қолданыстағы Конституцияның бірқатар нормаларына  түзетулер енгізілген. ҚР Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату Парламент Сенатының ерекше қарауына жатқызылды",-деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен Сенат депутаты Серік Ақылбай.

Депутаттың айтуынша, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын Конституцияда бекіту адам мен азаматтың құқықтарының басымдығын ең жоғары мемлекеттік деңгейде тануға мүмкіндік бермек.

"Уəкілдің қызметін Конституцияда бекіту жеке адамның мәртебесін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру кепілін одан әрі нығайтуға бағытталған демократиялық процестерді дамытудағы кезекті маңызды қадам болады",-деді ол. 

Соңғы жаңалықтар