ҚР ИДМ департаментіне директор тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Серік Башимов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Аралтайұлы 1979 жылдың 20 мамырында Қарағанды облысында дүниеге келген.

2001 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін оқып бітірген. 2003 жылы Қарағандыдағы «Болашақ» актуалды білім беру институтын құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 2002 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы комитетінің Экономика және жоспарлау басқармасы жоспарлау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2008-2010 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасында бас маман болып қызмет атқарған. 2010 жылдың мамырынан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті Талдау жұмысы басқармасында бас маман болып қызмет еткен. 2011-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаментінің транзиттік саясат басқармасының бастығы болды. 2013 жылдың мамырынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарып келген.

 

Соңғы жаңалықтар