ҚР Энергетика министрлігінен экологияны бөлу ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жаңармалы энергетика қауымдастығы ҚР Энергетика министрлігі құрамынан жаңаратын энергия көздері мен экология саласын шығаруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең басты ұсынысты біз Президент Әкімшілігі мен Үкіметке енгіздік, бұл ретте Қазақстанда «жасыл» энергетика мен экономика бойынша тәуелсіз органды жаңғырту ескерілген. Жаңармалы энергия көзі мен экология саласы көмір және мұнаймен қатар Энергетика министрлігінің құрамында бола берсе, яғни табиғатты ластаушылардың экологтардың алдындағы үстемдігі жалғасқан жағдай, онда аталған саланың қарқынды дамуын байқау екіталай», - деді XI Еуразиялық KAZENERGY форумы барысында Қазақстан жаңармалы энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков.

Сонымен қатар қауымдастық жетекшісі Қазақстанда жаңаратын энергия көзі саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

«Құжатта атқарушылар жұмысы, заңнамалық реформалар бойынша қадамдар, қаржыландыру проблемасын шешудің шаралары тыңғылықты қамтылуы тиіс деп ойлаймыз. Қазіргі кезде бізде жаңаратын энергия көздерінің үлесі көп емес. Дегенмен де, біз өзге елдердің қателіктерін қайталамастан, бірден озық тәжірибелермен алға шыға аламыз. Осы орайда мемлекеттік бағдарламаны даярлап, қажетті қадамдарды айқындауымыз шарт», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар