ҚР Елшілігі Санкт-Петербургте зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі ҚР Елшілігінің өкілдері Санкт-Петербургтағы метрода болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шегушілердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты тексеруде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттар қаза тапқандар мен зардап шегушілердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты тексеруде. Барлық қажетті ақпаратты тәулік бойы +7 812 33 52 544 жедел желісі арқылы алуға болады, Санкт-Петербургтегі ҚР Бас консулдығы», - делінген ҚР Елшілігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі адам өліміне әкеп соққан Санкт-Петербург метрополитеніндегі қайғылы жарылысқа байланысты көңіл айтады.

Еске сала кетейік, бүгін Санкт-Петербург метросында жарылыс болып, 10 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар