ҚР Дін істері министрінің кеңесшісі тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сүлейменов Олжас Серікбайұлы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың жастар саясаты мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. 

Олжас Сүлейменов 1990 жылғы 24 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Бүгінде «CentrAsia Group» компаниясының  өндіріс жөніндегі директоры болып қызмет етуде.  

«Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсіп, Қытайдың Тонгжи университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша  бітірген. 2012-2013 жылдар аралығында Тонгжи университетіндегі «International Students Association» халықаралық студенттер қауымдастығының президенті.  Қытайдың Сиань қаласындағы «Kazakhstan Students Association in China»  қазақстандық студенттердің жастар ұйымының негізін қалаушы.

«Drexler & Partner Construction Group» және  «PMJ Asia Construction Group  халықаралық компанияларында қызмет етті, «НАТР» АҚ-ның Қытайдағы бас өкілі болып жұмыс істеді. 2016-2017 жылдары «SHEBERBUILD» құрылыс компаниясының бас директоры лауазымында болған.

 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері,  «Болашақ» қауымдастығының,  БҰҰ  жанындағы жас көшбасшылар қауымдастығының мүшесі.

2015 жылы БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) ұйымдастырған «Много языков - один Мир» эссе байқауында жеңімпаз атанды және БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде  «Су - тіршілік көзі» тақырыбында баяндамасын оқыған.

Олжас Сүлейменов министрдің штаттан тыс кеңесшісі ретінде «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік жастар саясатының тиімді үлгісін қалыптастыруға өз үлесін қосатын болады. 

Соңғы жаңалықтар