ҚР-да қаңтар-қазан аралығында тіркелген жеңіл көліктердің саны 10,2%-ға артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-қазан аралығында 610 848 жеңіл көлік тіркелген. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға көп, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Биыл 1 қарашада Қазақстанда тіркелген жеңіл автомобильдер саны 3915,9 мыңды құрайды.

Есептік кезеңде барлығы 14 061 жол апаты тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ға көп. Сондай-ақ, биыл жол оқиғасынан 19 982 адам зардап шеккен.

2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 19,5 млрд теңге сомасына 61977 сақтандыру төлемі жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар