ҚР Бас прокуратурасына арзан техника жеткізіп берген кәсіпкер сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Бас прокуратурасына мемлекеттік тапсырысқа сай емес техникаларды әкеліп берген кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астана қаласы Есіл аудандандық №2 сотында қаралған сот ісінің материалдарына сәйкес, «Zerek KZ» ЖШС директоры елдің басты қадағалаушы органының жанындағы материалдық-техникалық қамту басқармасын (МТҚБ) алдап, техникалық ерекшеліктері сай келмейтін ноутбуктар мен жүйелі блоктарды әкеліп берген.

Хабарланғанындай, Жомарт Кәрібай басқарманың инспекторымен арзан компьютерлік техника табатыны туралы келісіп алған.

«МТҚБ жүргізген мемлекеттік сатып алулардың нәтижесіне сәйкес 200 жүйелі блокты жеткізу бойынша келісім бекітілген. 2016 жылдың 12 маусымында келісімге қосымша шарттар негізінде тасымалдың жалпы құны 47 миллион 511 мың теңгенің 300 жүйелі блогына артқан», - делінген іс материалдарында.

Ақыр соңында сотталушы МТҚБ-ға техникалық ерекшеліктері сай келмейтін 40 ноутбук пен 300 жүйелі блок әкеліп, МТҚБ-ның қабылдау-тапсыру құжаты бойынша өткізген. Осының салдарынан Бас прокуратураға жалпы құны 17 миллион 129 мың 680 теңгенің шығыны келтірілген.

Сот Жомарт Кәрібайды «ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп тауып, оны шартты түрде 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан шектеді. Ол сонымен бірге мемлекеттік сатып алу саласында 3 жыл мерзімге еңбек ету құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар