ҚР АШМ-ға жаңа вице-министрлер тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен Арман Евниев ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі, Гүлмира Исаева ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Арман Қайратұлы 1968 жылы 21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтында (1990) ғалым-агроном мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын (2001), Қарағанды «Болашақ» университетін (2002) тәмамдады.
Еңбек жолын 1985 жылы кеңшарда қарапайым жұмысшы болып бастады.
1990-1994 жж. Солтүстік Қазақстан облысында «Степной» кеңшарының агрономы, бас агрономы болып жұмыс істеді.
1994-1999 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Мәскеу ауданында ХХV Партсъезд атындағы «Жаңаөзен» ЖШС-де директор қызметін атқарған.
1999-2000 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы әкімінің орынбасары және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2001-2002 жж. ҚР Парламент Мәжілісі аппаратында кеңесші және бөлім меңгерушісі, Парламент Мәжілісі аппаратында Экономикалық реформа және жергілікті даму комитетінің Хатшылында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
2002-2005 жж. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры болды.
2005-2006жж. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.
2007-2008жж. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының бірінші орынбасары.
2008-2010 жж. ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі.
2011 жылы «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК төрағасының орынбасары;
2011 жылы «Қазақстандық АӨК бойынша іскерлік кеңес» Ассоциациясының төраға орынбасары;
2013-2016 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы қызметін атқарды.
2016-2017жж. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымында болды.
«Құрмет» орденінің иегері.

Гүлмира Сұлтанбайқызы 1969 жылы 23 тамызда Алматы облысында туған. Семей сүт және ет өнеркәсібі технологиялық институтын (1991), Қазақ қой шаруашылығы ғылыми - зерттеу технологиялық институтында аспирантураны бітірген (1994).
Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, тамақ қауіпсіздігі бойынша PhD.
Еңбек жолын 1991 ж. Семей сүт және ет өнеркәсібі технологиялық институтында бастаған.
Қазақ қой шаруашылығы ғылыми - зерттеу технологиялық институтында түрлі қызметтерді атқарды.
В 1998-2000 жж. «Еңбек» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша бас технолог қызметін атқарды.
В 1996-2001 жж. Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылығында мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру бойынша селекционер-зоотехник, ғылыми консультант қызметтерінде болды.
2001-2007 жж. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде аға оқытушы, мал шаруашылығы технологиясы факультетінде оқу бойынша деканның орынбасары қызметінде болды.
2007-2011 жж. «Crown Central Asia» ЖШС-де мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінде коммерциялық директор, директор қызметтерін атқарды.
2011-2012 жж. «КазАгроӨнім» АҚ Басқарушы директоры болып істеген.
2012 жылдан 2017 жылға дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
«Құрмет» орденімен және «Еуразиялық экономикалық одақты құруға атсалысқаны үшін» 2 дәрежелі медалімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар