ҚР АШМ елге Омбы облысынан шошқа етінің жеткізілуіне тыйым салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан африкалық обаға байланысты Омбы облысынан шошқа етін жеткізуге тыйым салды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринария қызметі Омбы облысынан шошқа етін жеткізуге тыйым салды. Ол жерде африкалық обаның ошағы анықталуына байланысты Омбы облысының екі ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді.

«Африкалық шошқа обасы - аса қауіпті жұқпалы вирустық ауру. Алайда оның адамға қауіпі жоқ. Бірақ ауыл шаруашылығы саласына елеулі зиян келеді. Сондықтан ҚР АШМ Ветеринария қызметі Омбыдан шошқа етін жеткізуге тыйым салды», - деп жағдайды түсіндірді Омбыдағы ҚР консулы Елдар Қонаев.

Еске салсақ, обаның бірінші ошағы 11 шілдеде Саргат ауданында тіркелді. 15 шілдеде Омбы облысы Ачаирский кентіндегі В.Д. Медведев жеке қосалқы шаруашылығына тиесілі өлген торайдан африкалық шошқа обасы вирусы анықталды. 16 шілдеде Любинский ауданы Красный Яр кенті маңында үйіндіде вирусты нысан анықталды. Аумаққа карантин енізіліп, мал әкелуге, азық-түлік өңдеуге тыйым салынды.

Ачаирский кентінде шошқа сойғандарға қылмыстық іс қозғады. Мұны қатаң карантинмен ғана тоқтату мүмкін. Ресейде оба 2007 жылдан бері бар. Биыл вирус Саратов, Орлов, Московский, Иркутск, Самарск, Ростов, Владимирский және Ивановский облыстарында, Қырымда тіркелді.

Соңғы жаңалықтар