ҚР АШМ білім гранттарын пайызсыз несиелерге ауыстыруды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аграрлық жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектердің басқа салаға бет бұруын доғаратын қадамдар керек. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеудің проблемалары туралы» тақырыптағы дөңгелек үстелде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рақымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, кадрларды даярлау мәселесін шешу үшін бұл шараларға кәсіпорындардың өздерін тарту керек, бұл ретте олар жоғары оқу орындары алдында тапсырыс беруші ретінде әрекет етуі тиіс. Осы орайда білім гранттарын ұсынудан пайызсыз несиелерді бөлуге ауысу мүмкіндігін қарастырған жөн, яғни бұл пайызсыз несиелер өндірісте еңбекпен өтеу кезінде субсидияланатын болады.


«Бұндай тәртіп бүгінде бірқатар елдерде енгізілген. Атап айтқанда, бұл қадам алған білімің бойынша жұмыс істеген жағдайда тура гранттағы секілді болады»,-деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, қазіргі кезде аграрлық жоғары оқу орындарының ветеринарлық, агрономдық және инженерлік факультеттерін тәмамдаған көптеген түлектері дипломын алғаннан кейін, «заңгер», немесе «экономист» мамандықтары бойынша басқа ЖОО-ларға түседі.

«Өздеріңіз білесіздер, жас мамандардың көбісі екінші диплом үшін басқа оқу орындарына түсіп жатады»,-деді Т. Рақымбеков.

Соңғы жаңалықтар