ҚР Әділет министрлігі $17 млрд-тан астам сомаға мемлекет мүддесін қорғаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдында есеп беру кездесуінде мемлекет мүддесін халықаралық арбитраждар мен шетелдік соттарда қорғау қызметінің нәтижелерін баяндады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, соңғы 13 жылда ҚР Әділет министрлігі арбитражды және шетелдік соттарда республика мүдделерін 17 млрд 400 млн АҚШ долларына қорғаған.

«Былтыр Лондон қаласының Жоғары Әділет соты Қазақстан Республикасының пайдасына 22 млрд 600 млн теңге сомасында моңғол компаниясының талап арызын  қанағаттандырмады. Түркия Республикасының Жоғары соты да түрік азаматының 3 млрд 300 млн теңге сомасындағы аппеляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ»,- деп атап өтті Марат Бекетаев.

Сондай-ақ, мекеме деректеріне сәйкес, биылғы наурыз айында Лондон қаласының Жоғарғы Әділет соты «Руби Роз Агрикол» ЖШС өтінішімен 2013 жылдың 1 тамызындағы төрелік шешімнің күшін жоюға қатысты сот процесінде Қазақстан Республикасының пайдасына шешім қабылданды. Аталған арбитраждық шешіммен 214 миллион АҚШ долларынан асатын талап арыз кері қайтарылды. 6 маусым күні Ағылшын соты еліміздің пайдасына 500 млн доллардан асатын сомаға шешім шығарды. Сот ҚР Әділет министрлігінің Қазақстанға қарсы арбитраждық істе алаяқтық фактісі болуы мүмкін деген дәлелдерімен келіскен. 

«Бұл бағыттағы жұмыстардың басты аспектісі болашақта орын алуы мүмкін даулардың алдын алу. Біздің қызметкерлер жер қойнауын пайдаланудың, түрлі әлеуметтік маңызы бар салаларда инвестициялық келісімдер мен шарттарды талқылау бойынша келіссөздерге белсене қатысады», - деп түйіндеді Марат Бекетаев.

Арбитраж  дауды шешудің ерекше формасы. Тараптар дауды шешу туралы мәмілеге келеді немесе Тәуелсіз сотқа жүгіне алады. Тәуелсіз трибунал әдеттегідей, халықаралық құқық туралы терең білімі бар және арбитражды процесте тәжірибесі мол 3 арбитрден тұрады. Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары арбитраж дау-дамайды шешудің міндетті тәсілі ретінде қарастырылған Инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қойған.

Соңғы жаңалықтар