Кот-д'Ивуар жағалауында ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні  Батыс Африкадағы Кот-д'Ивуар мемлекетінің Абиджан қаласы маңында теңіз жағалауында жүк тасымалдайтын ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан кем дегенде төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі куәгерлерге сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік атап өткендей, ебелегі (винт - авт.) бар ұшақ Абиджан әуежайынан қатты жауын жауып тұрғанда ұшып шығып, апатқа ұшыраған. Ұшақтың қалдықтары толқынмен жағаға шығып қалған.

Reuters агенттігің хабарлауынша, екі адамның денесі әуе кемесінің қалдықтары астынан шығарылған, тағы екеуінікі ұшақтың басқа да бөлшектерінің арасынан табылған.



Фото: koaci.com

Соңғы жаңалықтар