Қостанайлық жедел жәрдем қызметі реанимобильдермен толықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қостанай қаласының жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Жедел жәрдем» стансасы қызметкерлеріне жеті көліктің кілтін салтанатты түрде тапсырды. Аймақ басшысы жиылғандарды айтулы датамен құттықтап, денсаулық сақтау саласына автоматтандырылған диспетчерлік-ақпарат қызметін енгізу, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету сияқты қол жеткен бірқатар жетістіктерді атап өтті.

«Осынау ұлық мереке қарсаңында облыстың жедел жәрдем қызметіне жаңа заманауи көліктерді сыйлап отырмыз. Бұл реанимобильдерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 223 млн теңге қаржы жұмсадық. Автокөліктер заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының қызмет көрсету сапасы артып, өлім-жітім көрсеткіші азаяды деп сенеміз», - деді өңір басшысы.

Жалпы, облыста барлығы 39 жедел жәрдем автокөлігі бар. Соның 16-сы қала ішінде жұмыс істейді. Белгілі болғандай, жыл сайын облыстың жедел жәрдем қызметіне шамамен 1 млрд 700 млн теңге қаржы жұмсалады.

null 

Соңғы жаңалықтар